Алматыда түн ортасында жер сілкінісі мен өрт оқиғасы тіркелді

Фото: Zakon.kz
17 қазан күні түн ішінде Алматыда бірден екі оқиға тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ ақпаратына сүйенсек, "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 17 қазан Астана уақытымен 03 сағат 23 мин жер сілкінісі тіркелді.Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан. 

"Жер сілкінісінің Алматы қаласындағы қуаты 2 балды құрады. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ". ҚР ТЖМ

Сондай-ақ, түн ортасында Медеу ауданында Бурабай көшесінің бойында оттың шатырға ауысуымен жеке тұрғын үйдің екінші қабаты жанды. Құтқарушылар өрттің одан әрі таралуына жол бермей, жалпы ауданы 70 шаршы метр болған өртті толықтай сөндірді.

"Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда",- делінген хабарламада. 

Бұған дейін Аягөзде коммуналдық апат орын алып, өңір тұрғындары жылусыз қалғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты