Астанада 18 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шығып, төрт адам құтқарылды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Астанада 18 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды. Оның екеуі - бала, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026жылы 25 қазанда ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, Астананың Есіл ауданында, Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан 18 қабатты тұрғын үйдің 14-қабатындағы пәтерден өрт шықты.
"Үй заттары мен жиһаз жанған. Өрттің жалпы ауданы 25 шаршы метрді құрады. ТЖМ қызметкерлері құтқару маскаларын қолдану арқылы төрт адамды, оның ішінде екі баланы құтқарды. Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
ТЖМ өрт шыққан жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу керектігін, жеделсатыны пайдаланбау және құтқарушылардың нұсқауларын орындау қажеттігін де ескертеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript