Қарағанды облысында Қазақстан деген есімге ие әйел адам тұрады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда есімі Отанмен, тәуелсіздікпен және елордамен байланысты адамдар да тұрады. Мәселен, елімізде Қазақстан деген есімге ие 28 адам тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның 27-сі ер адам болса, біреуі - әйел, деп хабарлайды 24.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Мұндай есімі бар адамдар, көбінесе Қарағанды облысында тұрады (7 адам) екен.
Отан деген есімді еліміздің 128 тұрғыны иеленген. Тағы 25 адам Астана деген атпен тіркелген. Сондай-ақ Қазақстанда Тәуелсіздік атты азамат та бар.
Ал Республика есімі елімізде тіркелмеген, мұндай атауда елдімекендер де жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript