Қазақстанда қанша әйел тұрады

әйел, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2024 13:34 Сурет: pixabay
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 10 260 057 әйел тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдердің 63,6%-ы – қалада, 36,3%-ы – ауылда тұрады.

Өңірлер бойынша әйелдердің басым көпшілігі Алматыда – 1 196 450, Түркістан облысында  – 1 049 866 және Алматы облысында – 766 092 тұрады.

Жас құрамы бойынша 18 жасқа дейінгі қыздардың саны – 3,3 млн, 18-ден 60 жасқа дейінгілердің саны – 5,3 млн, 60 және одан жоғары жастағы әйелдердің саны – 1,6 млн.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: