Қарағанды облысында 511 адам қызылша жұқтырған

Қарағанды облысында 511 адам қызылша жұқтырған, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2023 15:47 Сурет: freepik
Қарағанды облысында қызылша жұқтырған 511 адам тіркелген. Қауіпті дерт Қарағанды және Балқаш қалаларында асқынып тұр.

Сырқаттанғандардың 71%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Мамандардың айтуынша, әсіресе 1-ден 4 жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында ауру көп.

Бүгінгі таңда 52 мектепке дейінгі балалар ұйымында қызылшаның 103 жағдайы анықталған. Ал 65 жалпы білім беретін мектепте 124 оқушы қызылша жұқтырған.

Жалпы облыста бүгінге дейін 4570 адам қызылшаға қарсы екпе алған. Қазір иммундау жұмысы жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: