Қарағанды облысында қызылша жұқтырғандардың саны артып барады

Қарағанды облысында қызылша жұқтырғандардың саны артып барады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 15:23 Сурет: pixabay
Қарағанды облысында қызылша жұқтырғандардың саны көбейіп барады. Жыл басынан бері 400-ден астам тұрғыннан қауіпті инфекция анықталған.

Оның 85 пайызы екпе алмағандар. Арасында 1 жасқа толмаған нәрестелер де бар.

Халық арасында аурудың таралуын болдырмау мақсатында 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы егу жұмыстары басталған, деп жазады qazaqstan.tv.

Вакцина 6-11 ай мен 2-4 жас аралығындағы балалар сондай-ақ қызылшаға қарсы екпесі жоқ медицина қызметкерлеріне салынуда.

Бүгінгі күні облыста осы топтарға жататын 7500 адам егілген. Оның 3 мыңға жуығы 1 жасқа дейінгі нәресте.

Күніне 30-35 балаға біз саламыз. Балабақшада өз сеткасы бар, 20-25 балаға салады. Егер екпе алса бала, иммунитеті 97 пайызға дейін туады. 25 жылға дейін сақталады бұл. Сосын 30 жастан кейін қайта жасауға болады. Роза Қойшығарин, педиатр
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: