Астанада екі қабатты тұрғын үйде өрт шығып, төрт бала қаза тапты
Сурет: Астана төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
17 қараша күні таңертең Астанада орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры өртеніп, жартылай опырылған. Екі жастан 13 жасқа дейінгі төрт бала қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі құтқарушылар өрт туралы хабар түскен соң алты минуттан соң жеткен. Алдын ала болжам бойынша 500 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толығымен сөндірілді.
Сурет: Астана төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты.
"Өрттің шығу себептері анықталады. Оқиға орнында зардап шеккендердің туыстарына төтенше жағдайлар медицинасы орталығы мен елордалық ТЖД психологтары көмектесіп жатыр , - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript