Астанада екі қабатты жатақханада өрт шықты

Астананың Алматы ауданы Күншуақ көшесінде жеке тұрғын үйдің аумағында бөлек тұрған екі қабатты жатақханада бөлме жанып, өрт шатырға ауысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт сөндірушілер ғимараттың көп бөлігін өрттен қорғап қалды.
ТЖМ күштері қауіпсіз аймаққа 7 газ баллонын эвакуациялады. Өрт 50 шаршы метр алаңда сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript