Смайылов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорытындысы бойынша "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңымен белгіленген өлшемшарттарына сәйкес келетін бірқатар олигополия субъектілерін Тізілімге енгізу туралы шешім қабылданды.

Инвестициялық, беделді, әлеуметтік-экономикалық тәуекелдер мен факторларды ескере отырып, Тізілімнің мазмұнын Комиссия таралуы шектеулі ақпаратқа жатқызды.

Бас прокуратураның Активтерін қайтару жөніндегі комитетіне субъектілерді олардың Тізілімге енгізілгені туралы хабардар ету жөнінде шаралар қабылдау көрсетілді.

Тізілімге енгізілген тұлғалар өздеріне тиесілі активтерді иеліктен шығару, ауыртпалық салу немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы Комитетті алдын ала хабардар етуге міндетті.

Комитет активтерді заңсыз шығару схемаларына тартылған тұлғаларды, олардың орналасқан жерін, құнын, сондай-ақ сатып алу белгілері мен көздерін анықтау мақсатында ақпаратты мониторингілеу және талдау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі