Алматыда "Медеу-Шымбұлақ" жолымен өту режимі белгіленді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қүлаған тастардың салдарын жоюға байланысты Медеу-Шымбұлақ автожолымен өтудің режимі белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аспалы жол іске қосылғанға дейін электромобильдер мен жаяу жүргіншілер 09.00-ге дейін, 12.00-ден 14.30-ға дейін және 18.00-ден кейін кіре алады.

"Аспалы жол іске қосылғаннан кейін 1 қарашадан бастап электр көліктеріне 09.00-ге дейін және 18.00-ден кейін кіруге рұқсат. 13.00-ден 14.00-ге дейін техникалық қызметтердің арнайы көлігі ғана кіре алады. Бұл кезде студенттік соқпақ арқылы жаяу серуендеуге болады. Қозғалысты шектеудің белгіленген кестесі 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Өзгеріс қосымша хабарланады".Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

25 қазаннан бастап Медеу-Шымбұлақ жолындағы құлаған тастарға қатысты жұмыстар басталды. Қазір автокөлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектелген.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды