Павлодарда ер адам полиция бөлімшесінде ойран салды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон, судебная система , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2026 21:22 Фото: pixabay
Павлодарда ер адам полиция бөлімшесіндегі 200 мың теңгенің мүлкін бүлдірді. Оқиғаға қатысты істі әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сот қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 1 қарашада таңғы сағат 05:00 шамасында Солтүстік полиция бөлімінің бақылау-өткізу пунктінде болған. Ер адам жұмыс үстелін, мониторды сындырып, компьютерді, ұсталғандардың жеке заттарын сақтайтын шкафты, дабыл түймесін және басқа да жабдықтарды бүлдірген. Сондай-ақ сымдарды үзіп кеткен.

Сотта павлодарлық азамат кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты. Сондай-ақ келтірілген шығынды өтеуге уәде берді.

Сот оған 5 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады. Қаулы заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: