Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы цехтың құрылыс жұмыстарымен танысты.
Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Кейіннен етті терең қайта өңдей отырып, мал сою цехы, салқындату қоймалары, тоңазыту камералары бар 10 мың мал басына арналған мал шаруашылығы кешенін құру" жобасын ULY DALA Co. ЖШС іске асыруда. Құны 1 417,3 млн теңге болатын жобаның І кезеңі 2023 жылы, ІІ кезеңі 2024 жылы іске қосылады деп жоспарланған.
Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жобаның бірінші кезеңінде, яғни 2021-2023 жылдары мал шаруашылығы кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ауыл шаруашылық малдар сатып алынды, 4 мал шаруашылық базасы салынды.
Жобаның екінші кезеңінде консерві және мал сою цехтарының құрылыс жұмыстары басталды. Жобаның құны – 380 млн теңге.
Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Етті қайта өңдейтін комбинатта консерві цехы, мал сою цехы, жатақхана, асханасы, мұздатқыш-тоңазытқыш камералары болмақ.
Цехта ауысымына 3000 банка консерві немесе жылына 230 тонна ет өнімдері өндірілмек. Жоба іске қосылған кезде 24 жаңа жұмыс орыны ашылады деп жоспарланып отыр.
Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтайлақ елді мекеніндегі электр желілерін, су құбырын тарту, цех құрылысын және әкімшілік ғимаратын салу сияқты барлық құрылыс жұмыстарын желтоқсан айында, ал жобаға
қатысты құжаттарды рәсімдеуді 2024 жылдың сәуір айына дейін аяқтап, іске қосу жоспарланған.