Павлодар облысында қақаған қыста екі отбасының үйі жанып кетті

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында аязды күні екі отбасының үйі жанып кетті. Өрт бүгін, 12 желтоқсанда Пограничник ауылында болған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақсу қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыл тұрғыны Байғабыл Бақытбекке өрттен кейін бірден қайырымдылық ақша жинау туралы ақпарат жарияланған. Ауылдық округтер және Ақсу тұрғындарының қамқорлығымен 1 млн теңгеден аса қаражат аударылған.

"Сонымен қатар ауылдық округ әкімдігі тарапынан азық-түлік, заттар түрінде көмек көрсетілген. Қазіргі таңда отбасы іргелес көрші үйде тұрып жатыр, сол үйдің иесі 7 айға бөліп төлеуге үйін берді", - деп хабарлады әкімдік.

Екіншісі - Алена Вендельдің отбасына да қайырымдылық ақша жиналатыны туралы жарияланып, азық-түлік пен заттар түрінде көмек көрсетілген. Қазіргі таңда әйел адам ауылда үш баласымен азаматтық жолдасының үйіне орналасқан.

Екі отбасы да мәслихаттың шешімімен жергілікті бюджеттен берілетін әлеуметтік көмек алуға құжаттарын рәсімдеу бойынша кеңестер алған.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді