Күн райының нашарлауына байланысты Қытай Қазақстаннан жүк қабылдауды тоқтатты

Сурет: Zakon.kz
Қытай күн райының қолайсыздығына байланысты теміржол арқылы жүк қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан темір жолы" таратқан мәлімет бойынша, Достық және Алашаңқай  станцияларында ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстаннан ҚХР-ға жүк қабылдау баяулады.

"Атап айтқанда, Қытай астық тасымалдаушыларды, астық жүктері мен ұнтақ өнімдері бар жабық вагондарды, өсімдік майы бар цистерналарды қабылдамауда. Алашаңқай станциясында терминалдардың жұмысы тоқтатылды", – делінген хабарламада.

Хабармаға сүйенсек, жүк және контейнерлік пойыздар терминалдың ашылуын күтіп тұр.

"12-13 желтоқсан аралығында түнде пойыздарды беру толығымен тоқтатылды, күндіз-пойыздардың орташа тәуліктік алмасуы 5 есеге: 15-тен 3 құрамға дейін төмендеді"."Қазақстан темрі жолы" компаниясының баспасөз қызметі

Осыған байланысты ҚТЖ 25 желтоқсанға дейін Достық шекара өткелі арқылы контейнерлерде, астық тасымалдаушыларда, жабық вагондарда астық жүктерін және цистерналарда өсімдік майларын қабылдауға тыйым салды.


Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды