Қазақстанда күн тағы да суиды

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 28, 29, 30 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, Қазақстанның барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, республикадағы ауа райына Атлант циклоны ықпал етеді. Ол жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынды алып келеді. Оған қоса желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ және 15-28 м/с екпінді жел болады.

29-30 солтүстік және оңтүстік облыстарда екпіні 30 м/с және одан да көп болатын қатты жел соғады.

"30 желтоқсанда түнде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 7-15 градус аяз болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аяз 3-13 градусқа дейін аздап төмендейді деп болжанған", - делінген хабарламада.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК 2023 жылдың қарашасы Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең жылы қараша болғанын хабарлаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады