Ақтаудағы бас шыршаны жел ұшырып әкетті

Сурет: видео скрині
Құрылым екпінді желге төтеп бере алмай, жерге құлаған. Оқиға куәгерлері Ақтаудағы амфитеатр жанындағы жағалауға құлаған шыршаны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтаулықтар түсірген кадрларға қарағанда, бұл сәтте шыршаның айналасында адам болмаған. Ешқандай зияны жоқ.

Ақтау әкімдігінің хабарлауынша, жел басылған соң мамандар шыршаны қайта орнатады.


"Амфитеатр аумағының айналасында құрылыс алаңдары немесе ғимараттар болмағандықтан желдің екпіні қатты сезіледі. Шырша орнату кезінде барлық техникалық талап  орындалды. Мердігер шыршаны қайта орнату жұмыстарын кейін жүргізеді. Ауа райы тұрақталды, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді Ақтау тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Жанболат Жақыпов.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі