Алматыда пәтер жалдамақ болған ондаған адам алаяққа алданып қалды

Дом, жилье, квартира, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда квартиры, аренда дома, аренда жилья, съемное жилье, съемная квартира, съемный дом, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 12:52 Фото: freepik
Алматы полицейлері тұрғын үйді жалға беру туралы жалған хабарландырулар арқылы жасалған интернет-алаяқтық әрекеттерінің жолын кесті. Қазірдің өзінде 32 дерек анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жас жігіт тәулікке пәтер жалға беретін болып, шын мәнінде жоқ тұрғын үйлер туралы хабарландырулар жариялаған. Бұл туралы 2026 жылғы 23 қарашада Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

"Пәтер іздеген азаматтар ұсынысқа сеніп, баспана жалдаймыз деп хабарласқан. Алайда тартымды хабарландырулардың артында алаяқтық схема жасырынған. Уәде етілген пәтердің орнына адамдар алаяқтардың құрбаны болған", – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта ер адамның алаяқтықтың 32 дерегіне қатысы бары анықталды. Ол ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматының Жетісу ауданындағы жеке үйлердің бірінен полицейлер коллекция ретінде сақталған қару-жарақ қоймасын анықтаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: