Шымкентте алаяқтық арқылы ақша таппақ болған ару ұсталды

Полиция, заявление, уголовное дело, уголовное обвинение, уголовная статья, уголовные дела, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 12:13 Фото: Zakon.kz
Шымкент қаласының киберполиция қызметкерлері тұрғын үйді жалға беру туралы жалған хабарландырулар арқылы жасалған бірқатар интернет-алаяқтық фактілерін анықтады. Бұл туралы 2026 жылғы 15 қыркүйекте Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, күдікті – жергілікті тұрғын. Қыз онлайн-платформаға тартымды шарттар мен әдемі пәтер суреттерін көрсетіп, шын мәнінде жоқ тұрғын үйлер туралы жалған хабарландырулар жариялаған.

"Қызығушылық танытқан азаматтарға алдын ала төлемнің бір бөлігін аудару қажеттігін айтқан. Жарияланған ақпаратқа сенген Шымкенттің 10 тұрғыны оған ақша аударған. Алайда кейін уәде етілген баспанаға ие бола алмаған", – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта ұсталған әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары азаматтарды интернеттен баспана іздеген кезде қырағы болуға шақырып, пәтерді жеке көріп, үй иесінің құжаттарын тексермей тұрып алдын ала ақша аудармауға кеңес береді.

Бұған дейін аса ірі көлемде бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматының Грузиядан экстрадицияланғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: