Астанада интернет арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Астанада интернет арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2025 21:13 Сурет: polisia.kz
Астана қаласы полиция департаментінің Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері интернет-алаяқтығы дерегі бойынша күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында 38 жастағы ер адам "СТОграмм" мобильді қосымшасы арқылы автокөлік қосалқы бөлшектерін арзан бағамен сатамын деп бірнеше азаматты алдағаны анықталды. Ол алдын ала төлем талап етіп, жәбірленушілерден ақша алған соң, байланысқа шықпай қойған. Ақша қаражатын тікелей өзі емес, туыстарының банк шоттарына аудартқанын мойындады.

Қазіргі таңда оның осындай бес алаяқтық фактісіне қатысы бар екені дәлелденді. Бұған қоса, күдіктінің бұрын да алаяқтық әрекеттері үшін бірнеше рет сотталғаны белгілі болды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды интернет алаяқтарынан сақ болуға шақырады. Белгісіз тұлғаларға алдын ала төлем жасамауға және күмән тудыратын жарнамаларға сенбеуге кеңес береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: