Астанада интернет арқылы алаяқтық жасаған күдікті қолға түсті
Сурет: pexels
Астанада Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы ер азаматты интернет арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті OLX платформасына "ас үйге жиһаз дайындаймын" деген жалған хабарландыру орналастырып, азаматтарды алдап келген.
Ол жәбірленушіден алдын ала төлем ретінде ақша алып, уәдесін орындамай жоғалып кеткен. Салдарынан тұрғынға 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін мойындады.
Полиция азаматтарға интернет арқылы тауар немесе қызмет сатып алу кезінде сақ болуды ескертеді. Белгісіз тұлғаларға алдын ала ақша аударудан бас тартқан жөн.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript