Астанада жалған QR-код қолданған ер адам ұсталды
Сурет: polisia.kz
Астанада полиция қызметкерлері алаяқтық жасаған 40 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті тауар сатып алу сылтауымен банктің мобильді қосымшасында жалған QR-код көрсетіп, сатушыларды алдаған. Ол төлем жасалғандай көрініс жасап, жалпы сомасы 45 мың теңге болатын мүліктік пайда тапқан. Қазіргі уақытта оның екі қылмыстық эпизодқа қатысы бар екені белгілі болды.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция бейнебақылау жазбаларын зерделеп, куәгерлерден түсініктемелер алып, күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады", - деп хабарлады полиция.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Астана полиция департаменті азаматтарды тауар немесе қызмет үшін төлем қабылдаған кезде қаражаттың нақты түскенін мұқият тексеруге үндеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript