Жүк көлігін сатып алмақ болғандар фейк жарнамаға тап болып, 52 млн теңгеден қағылған

Ұсталды, Абай облысы, алаяқтық, жалған жарнама, жүк көлігі, сату, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 20:41 Сурет: Zakon.kz
Абай облысының полицейлері интернет арқылы "жүк көліктерін сатамыз" деген жалған хабарландырулар жариялап, азаматтарды алдаған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Семей, Ақтөбе және Қарағанды қалаларының тұрғындары зардап шекті. Келтірілген жалпы шығын 52 миллион теңгеден асты. Қаражат әртүрлі өңірлерде тіркелген жалған ЖШС арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған. Күдікті ретінде 32 жастағы Қызылорда облысының және 50 жастағы Түркістан облысының тумалары ұсталды. Олардың серіктестері де анықталып, тергеуге тартылды", делінген полиция хабарламасында.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қосымша эпизодтар мен басқа да қатысушылар анықталуда.

Бұған дейін Ақтөбе облысында азаматтарды алдаған өтірік блогер қамауға алынғаны хабарланған. Тексеру кезінде 2024 жылдың соңында өзін блогер ретінде көрсеткен аудан орталығының 35 жастағы тұрғыны төрт азаматты алдап, ақшасын иемденгені анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: