Абай облысында Меккеге бармақшы болған бір топ адам алданды
Сурет: Zakon.kz
Абай облысының полицейлері интернет арқылы "жеңілдетілген жолдамалар" ұсынып, 1 млн теңгеден астам сомаға азаматтарды алдаған алаяқты қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылдың басында полицияға ақшасын тур агенттік шотына аударған Абай облысының тұрғындарынан арыз келіп түсті. Алаяқ кәсіпкер өзін агенттік турының қызметкері ретінде таныстырып, Меккеге "жеңілдікпен билеттер" ұсынған. Өз ұсынысы дәлелді болу үшін алаяқ оларға ақылы қызмет көрсету шарттарын, брондау парағын жібереді. Осыдан кейін адамдар ақша аудара бастаған, алайда көптен күткен сапарға ешқайсысы сол күйі аттана алмапты.
"Ақшаны алғаннан кейін ер адам байланысқа шығуды тоқтатқан. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 млн теңгеден асады. Абай облысы ПД киберқылмыспен күрес жөніндегі қызметкерлері алаяқты анықтады, ол қазіргі уақытта Түркістан облысы ПД уақытша ұстау изоляторына қамаудағы Алматы облысының 26 жастағы тұрғыны", делінген полиция хабарламасында.
Полицейлер қазір оның еліміздің басқа өңірлерінде орын алған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript