Абай облысында ауыл тұрғындарын 10 миллион теңгеге алдап кеткен ер адам ұсталды

Абай облысы, алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2022 18:45 Сурет: polisia.kz
Абай облысының полицейлері "ақшаны жақын арада қайтарамын" деп ауыл тұрғындарын алдап жүрген ер адамды ұстады. Келтірілген шығын көлемі 10 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, ер адам алаяқтық жолмен жалпы саны 50 бас ірі қараны "сатып алып", ауыл тұрғындарының ақшасын сатқаннан кейін төлеп беруге уәде еткен.

Күдікті аудандарды аралап, мал "сатып алған". Алдағы уақытта ауыл тұрғындарына ақшасын төлеп беруге уәде берді.

Полицейлер 27 жастағы күдіктіні анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: