"Тендер ұтып беремін, куәлік жасаймын". Ақтөбеде көпті алдаған блогер-сымақ түрмеге тоғытылды

Түрме, Ақтөбе, блогер-сымақ, алаяқтық, тендер, жүргізуші куәлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 18:57 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысында азаматтарды алдаған өтірік блогер қамауға алынды. Тексеру кезінде 2024 жылдың соңында өзін блогер ретінде көрсеткен аудан орталығының 35 жастағы тұрғыны төрт азаматты алдап, ақшасын иемденгені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаменті баспасөз қыземтінің хабарлауынша, Мұғалжар аудандық полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғын алаяқтық фактісі бойынша арызданған. Күдікті жәбірленушілердің біріне — балабақшаға жұмысқа орналастыруды, екіншісіне — жүргізуші куәлігін алуға жәрдемдесуді, сондай-ақ тендерді ұтып алып беруді уәде еткен.

Төрт жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 10 миллион теңгеден асты. 

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәртіп сақшылары осы азаматтың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен басқа да тұлғалардан Мұғалжар аудандық полиция бөліміне хабарласуды сұрайды. 

Бұған дейін Астанада алаяқтықпен айналысқан Call-орталықты ұйымдастырушылар ұсталғаны анықталған. Олар қара зере түрінде биологиялық қоспа өнімдерін сатып, ұтысқа автокөлік тігілгенін де айтып елді алдаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: