Жаңалықтар тізбегі
0

Канадаға жұмысқа орналаспақ болған астаналық тұрғын алаяққа алданып қалды

Канадаға жұмысқа орналаспақ болған астаналық тұрғын алаяққа алданып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2023 13:18 Сурет: Zakon.kz
Астана қаласы полиция департаментінің Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен алаяқтық жасауға қатысы бар 59 жастағы қала тұрғыны анықталды.

Ересек әйел Канадаға жұмысқа орналастырамын деген сылтауымен елорданың 24 жастағы тұрғынының ақшасын иемденгені белгілі болған.

Күдіктінің сеніміне кіріп, жәбірленушіні басқа елде тұрумен жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін байланыстары мен арналары бар екеніне сендіргені анықталды.

Ол өз қызметі үшін жас жігіттен алдын ала 203 мың теңге алған. Тергеу барысында полицейлер оның тағы 6 астаналықтың ақшаларын иемденіп алдағаны белгілі болған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың құрбаны болмау үшін қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

Ақшаны беру кезінде аса мұқият болып, қырағылық танытуға кеңес береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: