Air Astana рейстерінің кестесі қалпына келіп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Air Astana әуекомпаниясы бүгін, 31 желтоқсанда Астанадағы ауа райының жақсаруының арқасында рейстер кестесі біртіндеп қалпына келтіріліп жатқанын хабарлады.

Сағат 07:00-ден бастап Астанадан 10-ға жуық ішкі және халықаралық рейстер ұшып, сонша рейстер ұшып келді. Орындалмаған рейстердің жолаушыларын жеткізу үшін әуекомпания Алматы мен Астана арасында екі қосымша рейс енгізді.

Еске салайық, 30 желтоқсанда әуекомпанияның 40 рейсі кешікті және 20 рейсі орындалмады. Дубайда 200 жолаушысы және Ыстамбұлда 80 жолаушы қонақүйге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, сатып алу орнында әуе билеттерін тегін қайта брондау және билет құнын қайтару ұсынылады.

"Аir Astana жолаушыларға форс-мажор жағдайында түсіністік пен шыдамдылық танытқан үшін алғыс білдіреді және діттеген жеріне аман-есен жетіп, Жаңа жылды туыстары мен жақындарының ортасында қарсы алуларына тілектес".Аir Astana баспасөз қызметі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Қазақстан мен Черногория сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді