FlyArystan рейстері біртіндеп ұша бастады

Сурет: Zakon.kz
FlyArystan Астанада ауа райының жақсаруына байланысты 31 желтоқсандағы рейстер кестесі біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 желтоқсанда әуекомпаниясының 26 ​​рейсі орындалмаған болатын. Әуекомпания орындалмаған рейстердің барлық жолаушысына тегін қайта брондауды немесе толық қайтаруды ұсынады.

"Сондай-ақ жүйеде ақаулықтардың орын алу себебінен, кейбір толық қайтарымға өтініштер бойынша ақша қайтарымы айыппұлмен қарастырылды. Әуекомпания бұл мәселені арнайы қызмет көрсету бөлімдерімен дереу шешеді". FlyArystan баспасөз қызметі

Сонымен қатар FlyArystan серіктес агенттіктермен бірге жолаушыларға 100% ақа қаражатын қайтаруды қамтамасыз етіп жатыр. 

"Әуекомпания орындалмаған рейстердің барлық жолаушысына ақшаны толық қайтаруға кепілдік береді және жолаушыларға осы жағдайға түсіністік пен шыдамдылық танытқаны үшін шынайы алғысын білдіреді. Жолаушыларға FlyArystan қосымшасында және flyarystan.com сайтындағы тәулік бойы қызмет көрсететін лайв чат, 8 702 702 02 27 нөмірі бойынша WhatsApp мессенджері және 08:00-20:00 аралығында 8 727 331-10-10 байланыс орталығы нөмірі арқылы арқылы қолдау көрсетіледі".FlyArystan баспасөз қызметі

Еске салайық, бұған дейін AirAstana рейстерінің біртіндеп қалпына келтіріп жатқанын хабарлаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан мен Черногория сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді