Өзбекстанның алтын-валюта қоры кеміді

Сурет: pixabay
Өзбекстанның алтын валюта қоры бір жылда 1,2 млрд долларға кеміген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қымбат металдың көлемі шамамен 24,8 тоннаға азайды.

Бұл туралы көрші елдің Орталық банкі хабарлады.

Яғни, 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес, алтын валюта резервтері 2023 жылы 35,77 млрд доллардан 34,56 млрд долларға дейін қысқарды.

Мұндай төмендеу 2018 жылдан бері алғаш рет болып отыр. Өткен жылдың қазан- қараша айларында Өзбекстан алтынды шетке, оның ішінде Қазақстанға ең көп сатқан елдердің көшін бастаған еді.

Статистика агенттігінің мәліметінше, 11 айда 8,15 млрд долларға бағаланған алтын сыртқа сатылған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге көп.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Агроөнеркәсіптен бастап ЖИ-ге дейін: Қазақстан мен Қытай 15 миллиард долларлық қандай келісімдерге келді

Нетаньяху Нью-Йоркте ұсталуы мүмкін: қала мэрі мәлімдеме жасады

"Сынап бағаны 47 градусқа дейін көтеріледі". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алдағы үш күннің ауа райы: қай өңірде аптап, қайда жаңбыр жауады

Мбаппе әлем чемпионаттарындағы гол саны бойынша Мессидің рекордын жаңартты