Құлсарыдағы төбелес: жансақтау бөлімінде жатқан жасөспірім қайтыс болды

Сурет: pixabay
Құлсарыдағы төбелес кезінде аурухананың жансақтау бөліміне түскен жасөспірім қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

19 қаңтарда 03:05 шамасында Атырау облысы Құлсары қаласында топтық төбелес болды.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде құқықбұзушылыққа жол берген барлық тұлға полиция бөліміне жеткізілді.

Үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 2006 жылы туған жасөспірім жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп жазды AtyrauPress.

2000 және 2007 жылы туылған күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Бейнекамералар мен жол қауіпсіздігі: ІІМ ұсынуынан кейін қандай шаралар қабылданды

Шымкент – "Кітап оқитын ұлт" жобасына алғашқы болып қосылған өңірлердің бірі

ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды