Алматылық сейсмологтар бір сағатта үш жер сілкінісін тіркеді

Сурет: Zakon.kz
Сейсмикалық зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мамандары бір сағат ішінде Алматы маңында үш рет жер сілкінісін тіркеді. Барлық 3 жағдайда тұрғындар жер дүмпуін сезбеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 қаңтарда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 07:14-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 272 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

26 қаңтарда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 07:55-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 287 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

26 қаңтарда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 08:26-да жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

26 қаңтарға қараған түні сағат екілер шамасында алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезінгенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Сейсмологтар діріл Талғар мен Алматыда 2 баллдық күшпен сезілгенін хабарлады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін