Ақтөбеде жұмысқа орналастыруға уәде берген алаяқ қолға түсті

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде вахталық жұмысқа орналастыруға уәде берген алаяқ қолға түсті.

Полицияға 22 жастағы жігіт алаяқтық фактісі туралы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оны күдіктімен ортақ танысы таныстырған.

Күдікті жәбірленушінің жұмысқа кіре алмай жүргенін біліп, оған мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналасуға көмек ұсынған.

Ер адам өз қызметі үшін 300 мың теңге сұраған. Жәбірленуші жігіт күдіктінің шотына ақша аударған.

Бір айға жуық күтіп, жұмысқа да орналаса алмаған, әрі ақшасын да қайтарып ала алмаған жәбірленуші полицияға арызданды.

Полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен облыс тұрғынын анықтап, ұстады. Тергеу жүргізілуде. Күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін