Өзбекстанда балалар жаппай астан уланған

Сурет: pixabay
Өзбекстанның Сұрхандария облысында 33 оқушының улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы балалар омбудсмені Сурайё Рахмонова хабарлады.

Алдын ала қорытындыға сай, балалар сапасыз тағамнан уланған. Мамандандырылған мектеп-интернатында оқитын жеткіншектерде жүрек айну, асқазан мен іш ауруы байқалған.

Олар жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық орталықтың мамандары оқушыларға берілген таңғы, түскі және кешкі астан алынған сынаманы сараптамаға жіберген. Жағдай ішкі істер органдарының бақылауында.

Тергеу барысында анықталғандай, балаларға берілген ас санитарлық- гигиеналық нормаларға сай келмеген, деп жазады qazaqstan.tv.

Аудандық прокуратура Өзбекстан қылмыстық кодексінің 186-шы бабы 4 -ші тармағымен іс қозғады.

Аталған бап қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін өнімді сақтау мен жеткізудің ауыр салдарға алып келуі дерегін қарастырады.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Белгілі дәрігер ӘМСҚ есебінен 53 млн теңге жымқырғаны үшін қандай жаза алды

Тоқаев пен Хун Манет Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Жексенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Пәкістандағы қайғылы оқиға: Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев пен Хун Манет кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді