Министрдің сөзінше, ғылымға қызығатын қыздар үшін үлгі алатын тұлғалардың болуы маңызды. Жақында биолог, белгілі ғалым Күнсұлу Закарья вакцинация саласының дамуына үлес қосқан әйелдердің әлемдік рейтингіне енді. Оның жетекшілігімен бір топ ғалым 2020 жылы отандық QazVac вакцинасын әзірледі.
"Одан бөлек еліміздегі Ғылым академиясы тарихындағы тұңғыш әйел президент, биология ғылымдарының докторы - Нағима Айтхожина, Орталық Азиядағы геология ғылымдарының докторы болған тұңғыш әйел Патшайым Тәжібаева сияқты тұлғалармен біз ерекше мақтанамыз". Аида Балаева
Ведомство басшысы бүгінде қазақстандық ғылым жаңа кезеңге аяқ басып отыр деп есептейді.
"Осы саладағы атқарылып жатқан жұмыстар айтарлықтай нәтиже көрсететін ғалымдардың жаңа қауымдастығының қалыптасуына ықпал етті. Дегенмен бүл күндері ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қатысатын әйелдердің үлесі шамамен 54% болады, бұл - 10 мыңнан астам адам. Алайда олардың есімдері мен жетістіктерінен көпшілігі бейхабар. Сондықтан осы жазбам арқылы баршаңызды ғылымдағы әйелдерді қолдауға және олардың есімдері мен жетістіктерін көбірек насихаттауға шақырамын".Аида Балаева