Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 7,7 пайызға төмендеген

Сурет: pxhere
Былтыр ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 7,7 пайызға төмендеген. Бұл туралы Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті отырысында депутат Әли Бектаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, саладағы түрлі проблемаға қоса, өткен жылы елімізде ауа райы шаруалар үшін қолайсыз болды.

Сәйкесінше, бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасына, шаруалардың қаржылық жағдайына әсер еткен. Ал өсімдік шаруашылығы өнімінің өндірісі 14,6 пайызға төмендеп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

"2023 жылы экспортталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің құны 5 млрд АҚШ долларынан асты. Агроөнеркәсіптік кешен өнімі экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 42,6 пайыз болды. 2024 жылы бұл көрсеткішті 45 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Осылайша, жыл сайын өңделген өнім үлесін арттырып, Президенттің 70 пайызға жеткізу туралы тапсырмасының орындалуын қамтамасыз етуіміз қажет." Әли Бектаев, ҚР парламенті сенатының депутаты
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі