Сенатор елімізде тау боп үйіліп жатқан қоқыс мәселесін шешудің бірнеше жолын ұсынды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Сенат депутаты Зәкіржан Кузиев 14 наурызда палатаның жалпы отырысында Қазақстанда қалдықтар мәселесін қалай шешуге болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зәкіржан Күзиев Қазақстанда жыл сайын шамамен 4,5 млн тонна коммуналдық қалдық жиналатынын мәлімдеді. 

"Қауіпті және медициналық қалдықтарды кәдеге жарату, кәдеге жарату кезінде пайдаланылатын технологиялар нормативтерге сәйкес келмейді. Дегенмен бұл ретте қомақты бюджет қаражаты игерілуде. Қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу бойынша Орталық Азиядағы ірі зауыттың Алматыда салынуы маңызды жетістік екені белгілі. Алайда, қазір, өкінішке қарай, ол жабылып қалды. Ақтөбе мен Семейде 5 млрд теңгеге салынған екі жаңа зауыттың да жұмысы тоқтап тұр. Экология департаментінің қоқыстарды сұрыптаудағы табысқа қатысты жариялайтын есептері бізде үміт отын жаққандай болады, бірақ шындықтың ауылы алыста жатыр", – деп ашуланды сенатор.

Ол межеленген 20% қалдықтардың орнына шамамен 5-6%-ы ғана сұрыпталатынын, қалғаны полигонға жіберілетінін баса атап өтті.

"Қоқыспен жұмыс істеу жағдайын жақсарту үшін бұдан былай қайта өңдеуге жатпайтын қаптаманы пайдалануға тыйым салуды, қоқысты ең алғаш жинақтау орындарында қалдықты сұрыптау жүйесін енгізуді, қоқысты уақтылы шығармағаны және рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі үшін айыппұлды ұлғайтуды, сондай-ақ шетелдік инвесторларды белсенді тарта отырып және әлемдік тәжірибені пайдалану, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және сұрыптау зауыттарын салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Бұл шаралар Қазақстандағы қоқыспен жұмыс істеу жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деді сенатор.

29 ақпанда Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев белгіленбеген орынға қоқыс тастағандарға салынатын айыппұл көлемін ұлғайту жайы жоспарда бар екенін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты