Лас вагонға ашуланған ақтөбелік жолаушы сотта жеңіп шығып, ақша өндіретін болды

Сурет: pxhere
Ақтөбе тұрғыны лас вагондары үшін "Қазақстан темір жолынан" ақша өндіретін болды. Ол пойыздағы тазалық талаптарының сақталмағанын айтып сотқа жүгініп, жеңіп шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Ақтөбе тұрғыны былтыр тамызда 13 жастағы қызымен Атыраудан пойызға мінген. Шаң басқан терезеден бастап, сатпақ-сатпақ купе, қақ араласқан лас суды көріп шошиды. Дереу тәртіп сақшыларын шақырып шағым түсірген.

Ақтөбелік әуелі соттан жолақысын қайтаруды сұрайды. Оған қоса, моральдық шығынды өтеуін талап етеді. Бұл іс жолаушының бірі оқушы болғандықтан кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта қаралды.

Билетке кеткен жолақысы қайтарылмағанымен, лас вагон үшін судья "Қазақстан темір жолына" қарасты "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамынан 100 мың теңге моральдық шығын мен 200 мың теңге қосымша шығынды өндір туралы шешім шығарды.


"Жүк тасымалы" акционерлік қоғамынан екі жолаушы пайдасына әр қайсысына 50 мың теңгеден моральдық өтемақы және 200 мың теңге өкілдің көмегіне жұмсалған шығын өндірілді. Шешім заңды күшіне енген жоқ", - деді Ақтөбе облысы сотының баспасөз қызметі жетекшісі Айжамал Сүндет.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады