Татарстанда "Әзірет Сұлтан" қазақ қорық-музейінің көрмесі ашылды

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
"Қазан Кремль" мемлекеттік тарихи-сәулет және көркемсурет мұражай-қорығында"Яссауи мұрасы және ежелгі Түркістан" халықаралық көрмесі ашылды. Іс-шараны "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экспозиция 3 бөлімнен тұрады: "Рухани аманат","Яссауи мұрасы","Түркістан – Түркі әлемінің астанасы".

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Көрмеде мұражай-қорық қорынан археологиялық, нумизматикалық, этнографиялық құнды жәдігерлердің түр-түрі ұсынылған. Олардың қатарында Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен мұрасы туралы қолжазбалар мен картиналар, ілімін жалғастырушылардың еңбектері, дүниежүзілік мұра атанған Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне байланысты тарихи артефактілер бар.

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ көрмеге келген көпшілік қасиетті Түркістан тарихымен және қазақ даласының ғасырлар бой қалыптасқан мәдениетімен, оның әлемдік өркениеттегі өзіндік орнымен таныса алады.

Көрме 20 сәуірге дейін жұмыс істейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі