Ақтөбе облысында көпірді су шайып кетті

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қардың қарқынды еруіне байланысты Ақтөбе облысының Ойыл ауданында көпір мен көпірге кіреберіс жолдың жартылай шайылуы орын алды,- деп хабарлайды Zakon.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Еліміздегі көлемді су тастқынынан зардап шеккендердің қатарында көш бастап тұрғандардың бірі Ақтөбе облысы. Өңірде 2 сәуір күні тағы бір көпірді су шайып кеткен.

Көпірдің жай-күйін ТЖМ Вице-министрі Серік Төленбергенов жедел түрде сараптап, жергілікті атқарушы органға көпір мен жолды қалпына келтіру бойынша тапсырмалар берді.

Бүгінде қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.

Соңғы ақпараттарға сүйенсек, облыс аумағында 757 үйді су басқан. Эвакуацияланған 2822 адам уақытша орналастыру пункттеріне, 3855 адам туыстарына орналасқан. 7072 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалған.

Айта кетейік, ТЖ жөніндегі вице-министр Бауыржан Сыздықов су биыл күтілмеген жерден келгенін айтып ағынан жарылды.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды