Құлсарыда Димаш Құдайбергенді кездестірген құтқарушы қуанып, мақтана жөнелді: Міне, құрдасым келіп қалды...

Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Әлемге танымал әнші әрі ел мақтанышы Димаш Құдайберген Атырау облысындағы Құлсары қаласына да барғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші cу тасқынымен күресіп жатқан құтқарушыларға алғыс айтып, олармен суретке түсті. Мұндай сәтті бақытына балаған құлсарылық азамат әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы тікелей эфирге шықты.


"Міне, Димаш құрдасым келіп қалды! Сені көріп шаршағаным, белімнің ауырғаны басылып қалды. Саған Алла разы болсын", - дейді ол тебірене.

Димаш оның арқасынан қағып, көпке тілек айтты.

"Ел аман, жұртымыз тыныш болсын. Бүкіл қайғылы күндер осымен кетсін. Болашағымыз жарқын болсын, үлкендеріміз аман болсын, кішкентайларымыз өсіп-өнсін", - дейді әнші.

Айта кетсек, бұған дейін Димаш Құдайберген туған жері - Ақтөбеде болып, қайырымдылық қорына 15 млн теңге аударған болатын.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді