Жаңбыр мен суық ауа-райы Қазақстанға қайта оралмақ

Сурет: unsplash
Қазақстандық синоптиктер редакцияға алдағы үш тәулікке арналған (23-25 сәуір аралығы) ауа-райы болжамын ұсынды. Мәліметке сай, елімізге жаңбырлы суық күндер қайта оралмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Осыған байланысты найзағаймен жаңбыр жауады деп болжануда.

"25 сәуірде елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Аптаның басында ғана антициклон сілемінің әсерінен елдің солтүстік және шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады деп болжануда", - деді синоптиктер.

Болжамға сәйкес, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында арктикалық ауа массаларының енуімен ауа температурасының түнде-1-8°С-қа дейін, күндіз +3+13°С-қа дейін, орталықта түнде 0-5°С-қа дейін, күндіз +5+15°С-қа дейін айтарлықтай төмендеуі күтілуде.

Сілтеме бойынша, мамыр айына арналған ауа-райы болжамын оқи аласыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі