Қостанай облысының үш ауданында жер тоңы әлі қатты. Мысалы, Қарабалық ауданында 60-65 см-ден 90-95 см-ге дейін.
Ақмола облысында әлі де Целиноград, Шортанды, Біржан сал аудандарында және Көкшетау қаласында жер топырағы әлі мұз. Қату тереңдігі - 106-153 см, жоғарғы қабаттың еруі - 48-81 см, Целиноград ауданының Новоишимка ауылы маңайында 129 см тереңдікке дейін еріген.
Қарағанды облысында тек Осакаровка ауданында 65-150 см топырақ бетінің қабаты әлі мұз.
Павлодар облысында жер тоңының толықтай жібуі тек бақылау пункттерінің жартысында ғана байқалады. Ертіс және Железинка аудандарында қатқан топырақ қалыңдығы 115-150 см тереңдікке жетеді, еруі 62 см-ден 129 см-ге дейін. Тереңкөл және Успенка аудандарында 138-203 см тереңдікке дейін, Лозовая станциясының маңайында 236 см дейін топырақтың күйі - мұз, ерігені 81 см-ден 147-150 см-ге дейін. Шарбақты ауданының орталығында жер тоңының қатуы 105-тен 257 см-ге дейінгі қабатта байқалады, ауданның оңтүстігінде жіби бастаған.
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында жер тоңы әлі жібімеген - қатудың төменгі шекарасы 93 см, еруі 57 см тереңдікке дейін байқалады.
Қазақстанның қалған аумағында жер тоңы толықтай жібіген.