Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ: Үш күн ішінде ұрланған 900-ден астам мал иелеріне қайтарылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2024 09:13 Фото: Zakon.kz
Республика бойынша "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үш күн ішінде мал мен ет өнімдерін тасымалдаған 12 мың автокөлік, 3,5 мың сату орны, 8,5 мың ферма мен шаруа қожалықтары тексерілді.

"121 мал ұрлығы ашылып, 137 күдікті, оның ішінде 19 қылмыстық топ ұсталды. 905 мал басы иелеріне қайтарылды", – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Мысалы, Ақмола облысында 46 жылқы ұрлаған екі адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды.

Сонымен қоса, Павлодар облысында қазан айынан бастап 25 жылқы ұрлаған алты адамнан тұратын қылмыстық топ құрықталды.

Қылмыскерлер бірлесіп әрекет етіп, түнде малды 150–ден 300 км жерге дейін айдап әкетіп отырған.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері мал ұрлығы 33%-ға төмендеді. Ұрланған малдың жартысынан көбі иелеріне қайтарылды. Мал ұрлығы үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – деді Қанат Нұрмағамбетов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: