Тоқаев Ресей хоккей федерациясының президентін қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьякты қабылдады. Кездесуде ТМД елдерінде хоккейді дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары Қазақстанда хоккей спортының ауқымы айтарлықтай кеңейгенін атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, елордалық "Барыс" клубы бастаған отандық командалардың ҚХЛ чемпионатына және басқа да турнирлерге қатысуы, сондай-ақ ұлттық құраманың әлемдік біріншіліктерде табысты өнер көрсетуі аталған спорт түрін кеңінен дәріптеуге оң ықпал етеді.

Атап айтқанда, Қазақстанда хоккей мектептері мен жастар командалары көбейіп, түрлі деңгейдегі жарыстар белсенді ұйымдастырыла бастады.

Владислав Третьяк қонақжайлық танытқаны және Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Hockey Open 2024 халықаралық турнирінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін ризашылығын білдірді.

Сурет: akorda.kz

Сондай-ақ ол Қазақстан хоккейінің өкілдері едәуір табысқа жеткеніне назар аударып, мұндай жетістік спорттың командалық түрлеріне мемлекет тарапынан лайықты деңгейде мән берілуінің нәтижесі екенін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Алматы мен Шымкентте аптап ыстық болады, Астанада нөсер жауады: тамыздың алғашқы күндеріне болжам

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

"Мәкең бар!". Полиция танымал әнші мінген көліктің желідегі видеосын назарға алды