Жазушы Әнуар Әлімжановтың туғанына 94 жыл толды

Сурет: wikipedia.org
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл. Оның алғашқы әңгімелері, очерктері, публицистикалық мақалалары 1952 жылы жариялана бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнуар Әлімжановтың тақырыбы алуан салалы: қазақ халқының өткен дәуірдегі мүшкіл халі, бүгінгі гүлденген Қазақстан, социализмнің белсенді құрылысшылары, жаңа совет адамдары, халықтар достығы, Азия, Африка елдерінің ұлт азаттығы жолындағы жан қиярлық күресі және тағы басқа.

Әнуар Әлімжановтың тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының идеялық мазмұны бүгінгі күннің талап-тілегімен үндес. "Отырар ескерткіші", "Құрманғазының жастық шағы" повестерінде орта ғасырдағы қанаушылықты, деспоттықты, зұлымдықты өткір де уытты сөздермен түйресе, халық бойындағы алып күшті, сарқылмас жігерді, өнерге, жарқын болашаққа ұмтылған өршіл талапты сүйсіне толғайды.

Ал "Жалындап тұрған найза" повесінде Африка халқының қан құйлы отаршыларға қарсы азаттық күресін шебер суреттеді.

Қаламгер Ленин комсомолы сыйлығының, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық Дж. Неру атындағы сыйлықтың лауреаты. "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы" ордендерімен марапатталған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды