Ведомство өкілі Айжан Бекеева бейнеүндеуде таратылып отырған ақпараттың маңызды екенін атап өтті.
"Декларация бұл азаматтардың декларациялау тиіс активтері, яғни ҚР-нан тыс жердегі мүліктер. Барлық жылжымалы және жылжымайтын мүліктің, көліктің, жердің, банктік шоттағы ақшаның барлық түрлері, жалпы банктік салымдар бойынша айлық есептік көрсеткіште 1000 еселенген мөлшерден асатын сома",- деп түсіндірді ресми өкіл.
Жалпыға бірдей декларациялау бұл әр азаматтың елдің әл-ауқаты мен тұрақтылығына жауап беретін әділ мемлекет құруға жасалған қадам.
Сонымен қатар, Бекеева декларациялау мақсатын да түсіндірді.
"Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаты - экономикалық жағдайды жақсарту және айналымды бақылауды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу арқылы, елді көлеңкеден шығару". Айжан Бекеева
Жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері:
1 кезең - 2021 жылы басталды. Оған мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары кірді.
2 кезең - 2023 жылы басталды. Оған білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және квазимемлекеттік сектордағы мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ олдардың жұбайлары кірді.
3 кезең - 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталды. Яғни қазіргі уақытта декларацияны жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары мен қатысушылары және олардың жұбайлары тапсыруда.
4 кезең - 2025 жылы басталады. Барлық жеке тұлғаларды, демек ҚР барлық 18 жастан асқан азаматтарын, сондай-ақ шетелдік активтері бар кәмелетке толмаған тұлғаларды қамтиды.
Бейнеүндеуде, үшінші кезең уақытында мобильді аударымдар мәселесі маңызды бола түскені айтылды.
Мобильді аударымдарды бақылау салық салудың әділдігі мен міндеттілігін қамтамассыз ету үшін және барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер жасау үшін қажет.
МКД мобильді аударымдар жайлы ақпараттарды жинамайды. Демек, сіздің деректеріңіз алаяқтардың қолына түспейді. Бұл жерде банктік және салық заңнамасы кепілдік береді. 100 және одан да көп аударымдардан асатын азаматтардың аударымдары жайлы ақпаратты жинау, өңдеу процесстері банкте жүзеге асады.
Ведомство осы орайда жеке тұлғалар туған-туыс, балалары мен жұбайларына мобильді аударымдарды еш кедергісіз аударуға болатынын және олардың тексеруге жатпайтынын да мәлімдеді. Сонымен қатар, айына 100 аударым бойынша емес, 100 ЖСН-ге аударымдар жүргізілген жағдайда ғана банктік тексерулер жүргізілітінін хабарлады.
Демек, 1 ЖСН бойынша жүргізілген бірнеше аударым - 1 мобильді аударымға тең.
Ресми өкіл, декларацияны онлайн тапсыру мүмкіншілігі бар екенін де баса айтты.
"Декларацияны онлайн түрде "E-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы, салық төлеушінің кабинеті, электрондық үкімет арқылы ұсынуға болады".
Оқи отырыңыз