Бокстан 2024 жылғы Азия чемпионаты Таиландта өтеді

Бокстан 2024 жылғы Азия чемпионаты Таиландта өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2024 22:21 Сурет: olympic.kz
Азия бокс конфедерациясының баспасөз қызметі 2024 жылғы Азия чемпионатының өткізілетін орнын өзгерту туралы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашында турнир Иорданияның Амман қаласында өтуі жоспарланған еді. Бірақ ресми мәліметтер бойынша, биылғы жылы чемпионат Таиландтың Чиангмай қаласына өзгертілді.

Жарыс бұрын белгіленген күндерде, яғни 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.

Айта кетейік, соңғы рет Таиланд Азия чемпионатын 2019 жылы қабылдаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: