2023 жылғы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының кестесі жарияланды

Бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2023 00:52 Сурет: unsplash
Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының кестесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 15-26 наурыз аралығында Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласында өтеді.

- 15 наурызда турнирдің ашылу салтанаты, жеребе тарту рәсімі және салмақ өлшеу шарасы ұйымдастырылады.

- 16-22 наурыз аралығында екі сессия бойынша боксшылар қолғап түйістіреді.

Елорда уақытымен 14:30-да күндізгі, 18.30-да кешкі сессия басталады.

Әлем чемпионатының жартылай финалы 23 наурызға белгіленген.

25-26 наурызда чемпиондар анықталады.

Алдында бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатына қай спортшы қыздар қатысатыны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: