2023 жылғы бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатының кестесі жарияланды

Бокстан ӘЧ-2023, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2023 09:19 Сурет: sports.kz
Ташкентте (Өзбекстан) өтетін бокстан ерлер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының кестесі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 сәуірде жеребе тарту (Астана уақыты бойынша сағат 17:00-18:00) және турнирдің салтанатты ашылу рәсімі (сағат 20:00-22:00) өтеді. 1-10 мамыр аралығында алдын ала күш сыналады: күндізгі сессия 14:00-де, кешкі сессия 19:00-де басталады, деп хабарлайды Sports.kz.

Жартылай финалдық кездесулер 12 мамырда өтеді (15:00-18:00, 19:00-22:30). 13 және 14 мамырда шешуші жекпе-жектер өтеді (сағат 18.00-де).

Әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары да бой көрсетеді, алайда көптеген ел Ресей мен Беларусь спортшыларының қатысуына байланысты бұл турнирге бойкот жариялаған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: