10-15 жыл бойы бір қызметте отырады: Қазақстанда ректорлар жұмысының нақты мерзімі енгізгілуі мүмкін

Сурет: Zakon.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 21 мамырда өткен брифингіде университеттердегі жемқорлық мәселесі қалай шешілетіні туралы айтты. Мұндай шараның бірі – біраз уақыттан кейін ректорлардың ауысуы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер бір адамның белгілі бір жоғары оқу орнының ректоры қызметін 10-15 жыл бойы атқаратынын айтты. Олардың пікірінше, бұл жемқорлықтың ұясына айналады. 

Осы орайда БАҚ өкілдері "Ғылым және жоғарғы білім министрлігі университет ректорларын ауыстыру мәселесін қарастырып жатыр ма?" деген сауал қойды.

"Мәселе шешіліп жатыр, біз заңдарға өзгертулер енгізуді жоспарлап отырмыз. Талап мынадай болмақ: бір адам ректор қызметіне екі мерзімге ғана тағайындала алады, яғни үш жылдан екі мерзімге – сонда алты жылдан аспайды", - деді министр.

Оның айтуынша, заң жобасы қазірдің өзінде әзірленіп, оны мемлекеттік органдар мақұлдап жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Желідегі шудан соң Алматының орталығында ілінген, қазақшасы қате-қате баннер алынып тасталды

Қазақстанда үшінші ресми валюта пайда болды

Ақсу қаласында трансформатор өртенді

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды